Бұл жобада елімізге белгілі заңгер Орынбасар Тілепберген қоғамда жиі талқыланатын қылмыстар мен даулы істерге кәсіби тұрғыдан баға береді. Біз нақты оқиғаларды талдап, оның заң алдындағы жағын қарастырамыз: қандай бап қолданылады, және бұл жағдайдан қоғам қандай сабақ алуы керек? Әр шығарылым – тек талдау емес, сонымен бірге құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған әңгіме.
Мақсатымыз – көрерменге заңның қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, өз құқығын білуге және қорғауға ынталандыру. Күні кеше жаңалықтарда талқыланған резонансты істер, сот шешімдері мен қоғамның пікірі – барлығы осы жобада.
Әр тақырыпта заңгер өз пікірін, дәлелдерін және кәсіби көзқарасын ортаға салады. Түсінікті тілде, нақты мысалдармен, артық эмоциясыз – қылмысты заңгер көзімен талдаймыз.
What is El.kz?
El.kz – бұл Қазақстан жайлы ақпараттық-танымдық портал.
Біз тың инновациялар мен өнертапқыштар туралы, қалалар мен тұлғалар, салт-дәстүр әсіресе, қазақстандықтардың өмір сүру салты жайлы қызықты материалдар жазамыз.
Біз сіздермен елімізге қатысты ең қызықты, ең жарқын, ең тамаша жаңалықтармен бөліскіміз келеді.